«Мақтанатын дүние ме? Бар болғаны — ысырапшылдық». Қойға шапан жауып, оны тойға алып шыққан қауым сынға қалды

36
Қоғам белсендісі, блогер Асхат Қасенғали тойда «тірі қойға» шапан жауып, елдің алдына алып шыққандарды сынға алды.
Қоғам белсендісі қазақтың тойындағы бассыздық пен әбестікті сынады: 
Масқара ғой мынау. Ұят. Қай жақта болған, қашан болған, қандай оймен алып шықты, Қазақстандағы той ма білмедім. Қайда болса да ұяттау екен. Той иесі мен асаба болатын тойдың сценарийін алдын-ала бірігіп жасай ма өзі? Ондайлар аз-ау. “Тойда қандай әзіл айтасыз”, “қандай ән қойылады”, “қандай ойындар ойнатасыз” деп сұрайтындар көп емес. Көбіне тізім беріп, мынадан кейін мынау сөйлейді дегенге барын салады.  Кешіккен адамдар. Бір-бірінің уақытын бағаламайды. Бітпейтін тілек айту. Соңғы адам тілек айтқанша күтіп, шаршайсың. “Жұмысым бар” деп әйтіп-бүйтіп шығып кетуге тырысасың. Кей асабаның әзілі…енді әзіл де емес. Әзілдеймін деп кейде тойдағы кей қонақтың көңіліне тиетін сөздерді айтады. “Мыртық”, “томпиған аюдай екенсің”, “көзіңіз қытай сияқты сығыр екен” дегендей сыртқы келбетке тисе сөйлеп, әзілдегендей болады.
Әзіл ма сол?! Түрлі ұят ойындарды да ойнатып жатады. Кей қарияға бата беріңіз десе, тілек айтып тұрады.
“Қазақтың тойы дүркіреп өтеді, 300-400 адам келді” деп мақтанып отырады кейде. Сол мақтанатын дүние ме? Бар болғаны ысырапшылдық көрінісі ғой. Тойға “өзін-өзі ақтайтын шығар” деген оймен қаржыны аямай салады. Бірақ ол той ақтауы да, ақтамауы да мүмкін. Былайша қарасаң бұл қаржылық сауаттың төмендігі ғой. Той деген жақсы әрине. Қуанышқа жасалады. Алайда оның бір жүйесі, орны, әдебі, мөлшері болуы керек шығар. Бұл ойым қате шығар, келісу-келіспеуге құқылысыз. Бірақ мына видеоны көріп, осындай ой келді — деп жазды автор.
Әлеуметтік желіде тараған видеода тойшыл қауымның ортасына асабаның қойға шапан жауып, ортада жетектеп жүргенін байқауға болады. Мұны қалың оқырман сынап, дарақылық пен надандыққа балап жатыр.
фото: видеодан скриншот

Leave A Reply

Your email address will not be published.