«Маған Мұхаммедсабыр Базарбайұлының бокстасу мәнері қатты ұнады» – Бекзат Саттархановтың анасы

71

«Маған Мұхаммедсабыр Базарбайұлының бокстасу мәнері қатты ұнады» – Бекзат Саттархановтың анасы

Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова Парижде ел намысын қорғаған Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жұдырықтасу мәнері ұнайды дейді. Ол бұл туралы Түркістан телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Маған Мұхаммедсабыр Базарбайұлының бокстасу мәнері қатты ұнады. Керемет бала. Егер шыңдаталтын болса, үміт күтетін баламыз бар, Құдайға шүкір. Мен оны бақылап, қарап отырдым. Ұтылып қалды ғой. Бірақ ол бала ұтылып қалдым демеуі керек. Ол сол ұтылғаннан сабақ алуы керек. Сөйтіп келесі Олимпиадада ол қалай да жеңіске жетуін ойлау керек. Еш ренжімеу керек. Жеңіліп қалдым демеу керек. Ол баладан жақсы нәтиже шығатын секілді», – дейді Сырлыкүл Саттарханова.

https://turkystan.kz/article/247192-magan-mukhammedsabyr-bazarbaiulynyn-bokstasu-m-neri-katty-unady-bekzat-sattarkhanovtyn-anasy

Leave A Reply

Your email address will not be published.