МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

192
Өңірдегі түрлі сала қызметкерлерімен кездесуіміз бүгін аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Мұнда аудан орталығы мен қаланың рухани өркен­деп-өсуіне атсалысып, мәдениетке шығар­машылық тұрғыдан қызмет етіп, көп­ке үлгі болып жүрген мәдениет саласының және кітапхана қызметкерлерімен кездестік.
Басқосуды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — сала мамандарының ішкі мәселесін білу, шығармашылық ұжымды толғандырған түрлі сауалдарға жауап беру болатын. Бейресми кездесуде мәдениет саласының қызметкерлері аталмыш бөлімнің материалдық-техникалық базасын күшейту, жергілікті халық театрына қолдау көрсету, мәдени қызметкерлердің штаттық бірлігін ұлғайтуға қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Бұдан бөлек, аудандағы кітапханалар жүйесін цифрландыру, кітапхана ғимараттарын табиғи газға қосу сынды ұсыныстар да айтылды. Кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынды. Ендігі кезекте оларды рет-ретімен шешудің жолдары қарастырылатын болады.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.