Мәдениет – өмір мәйегі

77

Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдениет саласы екені мәлім. Құлақтан кіріп, бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана – бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Қазақылығы бұзылмаған біздің ауданның мәдени саласы бүгінде облыстың алды болып, руханияттың үлгісіне айналып отырғаны мәлім.

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 2 мекеме жұмыс атқарады. Олар – Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі мен Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі.

Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2023 жылдың 9 айында 1537 мәдени іс-шара өткізіп (қалалық мәдениет үйі — 256іс-шара; кітапханалар – 1281), оған 199339адам қамтыды (қалалық мәдениет үйі -155400 адам;кітапханалар – 43939).

Қалалықмәдениетүйібойынша жалпы клуб құрылымы – 25, оған қатысушылардың саны – 941. («Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар – 15, оған қатысушылар саны — 811, үйірмелер саны -10, қатысушылар саны – 130).

Биылғы ерекше мәдени көпшілік іс-шаралар «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама» атты қысқа метражды видеоролик байқауы, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орайШалғайаудандарындажәне қаламыздағыкөп шоғырланатынорындарда (Темір жол бекеті, сауда орталықтары, «Ауыл береке» базары, емханаларда, сауда үйлерінде)мереке иелерінегүлшоқтарытаратылды, «Ер қаруы- бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі, «Ұмыт болған оюлар» атты қолөнершілер фестивалі және«Наурыз жаршысы»атты Тараз қаласының шығыс-батыс қақпаларынан сән- салтанатымен кіріп келгенөнерпаздаркүймесінің мерекелік жылжымалы концерті ұйымдастырылды.Шығыс қақпадан кірген жаршы топ, «Қант зауыты», «Қайнар», «Қамұқат» алқаптарын, Батыс қақпадан кірген жаршы топ «Шөлдала», «Құмшағал», «Арай», «Көлтоған» т,б алқаптарды аралап, жергілікті тұрғындарды мерекемен құттықтап, өнер көрсетіп, шашу шашылды.

Балалардың жазғы демалыстағыбос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, балалар демалыс лагерлерінде(«Берікқара», «Рауан», «Болашақ») «Жайдарлы жаздан, естен кетпес естелік» атты мерекелік шаралары өткізілді.

Қ. Рысқұлбеков саябағында «Біз сағынған әндер» атты ретро ән кеші, «Көне Тараз» тарихи этномәдени кешенінде «Сүйікті менің қалам, Тараз!» атты Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуыменқала күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Қаламыздағы жас дарынды өнерпаздарды қолдау мақсатында мәдени шаралармен біргетүрлі байқаулармен фестивальдерұйымдастырылып келеді атап айтсақ:«Жігіт сұлтаны», «Тараз аруы», «Кішкентай ханшайым мен ханзада» байқаулары, «Қобыз сыры» секілді фестивальдер өткізілді. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес өзгеде шаралармен, байқау, фестивальдер ұйымдастырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.