LRT стансаларының негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды

15

LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады.

LRT стансаларының негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды

LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды.

Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылды.

LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция).

Жер үсті станцияларының ерекшеліктері: 

Сығанақ көшесінде (2 станция), Ш. Қалдаяқов көшесінде (4 станция) және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (1 станция) орналасқан станциялар жолға орталықтандырылған орналасуымен ерекшеленеді. Станцияларға қауіпсіз кіру үшін жерүстінен өтетін екі өткел қарастырылған. Барлығы – 14 өткел.

Биылғы жылы № 101 станциясының (100% дайын) қасбет жұмыстары аяқталды, оған 497,51 тонна металл конструкцияларын орнату және сыртқы панельдер мен витраждарды қаптау (4 765 м²) кіреді. № 109 және № 112 станцияларында 1 210,22 тонна металл конструкциялары орнатылды.

2025 жылы барлық станциялардың құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарланды. Оның ішінде:

  • — қасбеттердің монтажы,
  • — жерүстінен өтетін өткелдердің құрылысы,
  • — ішкі әрлеу жұмыстары,
  • — жақын аумақтарды абаттандыру.

фото: Астана әкімдігі

https://turkystan.kz/article/252420-lrt-stansalarynyn-negizgi-ku-rylys-zhumystary-aiaktaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.