Күйзелістен шығудың жолы қандай?

726

«Сотталған азаматты күйзеліс жағдайынан шығару әдістері»

Баяндаманың тақырыбы бойынша жалпы түсінік беретін болсам, өздеріңіз білетін «депрессия» сөзі – латын сөзінен шыққан көңіл-күйдің бұзылысы деген мағынаны білдіреді. Дүние жүзі бойынша кез-келген уақытта жалпы адамдар санының 6% психикалық күйзеліске ұшырайды,  оның 5% депрессия, 1% гипомания (дәрігер, алкогольді ішімдікке тәуелділік)

Тәжірибиелі психологтардың зерттеулері бойынша емделуге келушілердің күйзеліске ұшырау жағдайы 10% жетіп келеді. Сондықтан дүние жүзі бойынша дәрігерлерді «психикалық көңіл-күй күйзелісін» жоюға және емдеуге жоғары деңгейде көңіл бөлуде. Сонымен қатар, соңғы жылдары депрессия-көңіл-күй күйзелісін анықтауға және емдеуге психиатрлар ассоциациясы білім ақпаратын құрып, арнайы дәрігерлердің алдын-алуы тәжірибелері зерттелуде.

Күзеліс жағдайларына ұшырау – 3% ер адамдар болса, 7-8 % әйел адамдары. Әйел адамдар күйзеліске екі есе көбірек ұшырайды. Болашақта көңіл-күй күйзелісіне 10 – 12% елер,20 – 30% әйел адамдар ұшырау қаупі бар.

Экономикасы дамыған елдерде жалпы медициналық қызметкерлердің тәжірибесі бойынша төмен деңгейде. Жалпы санын есептеу кезінде күйзеліс жағдайларындағы адамдардың  50 % медициналық көмекті қолданбайды. Анықтаумен емделуге 15 – 20% келсе, 0,3% психиатр – дәрігерлерге келіп зерттеледі. Жалпы депрессия жағдайының көріністері, сырттай қарапайым бұзылысқа жатпайтын мінез–құлықтың  шайқалуына ұқсап келеді, қосымша денсаулық бұзысы көрініс береді (жүрек тұсының ауруы, такикардия, тәбеттің бұзылуы, әлсіздік т.б), бұл күйзеліс жағдайын адамның өзі де және емдеуші дәрігерде толық мойындамайды да, бұған психологиялық және соматикалық сезім ретінде түсінік береді, яғни « жай шаршау сезімі », «жалпы денсаулықтың қажуы » немесе «қарапайым өмірлік жағымсыз сезімдер» ретінде көрініс табады.

Сотталған азаматтардың күйзеліс жағдайының диагностикалық анықтамасы:

  • көңіл – күйдің төмендеуі, қобалжу жағдайы(күнделікті – енжарлық, мұңаю, қайғылы, жабырқаңқы сезімдері)
  • бұрынғы қызығушылықтың жоғалуы, қанағаттану сезімінің жоғалуы
  • белсенділіктің төмендеуі, күш – қуаттың, қабілеттің, төмендеуі, сонымен қатар қозғалуды тежейді

Жалпы адамдардың мінез–құлқында мынадай күйзеліс көріністері болып тұрады:

  • сұрақ қою кезінде және әңгімелесу әдістемесі кезінде ойлау деңгейінің тежелуі байқалады және пікірге келу қабілеті төмендегені байқалады;
  • өзін — өзі бағалау деңгейі төмендейді, өзін ешкімге қажет етпестігін түрлі өмірлік кезеңдер мен түрлі мысалдармен ойлап табады, кінәмшілдік сезім пайда болады, жасаған әрекетінде өкініш, белгілі бір шешім қабылдауды қиынсынуы пайда болады;
  • өмірге деген қызығушылығында енжарлық пайда болады, өзінің болашағы мен өткен өміріне қанағатсыздық сезімдер пайда болады;
  • өз — өзіне зиян келтіріуге ұмтылыстың болуы немесе өз — өзіне қол жұмсау әрекеттері көрініс табады;
  • тәбеттің болмауы, салмақтың азаюы;
  • ұйқының бұзылуы, таң атпай оянуы;
  • жүрек тұсының ауруы, тахинардия, көкірек тұсының ауырсынуы;

Күйзеліс кезеңінің орташа деңгейде жалғасуы – 2 – 3 ай, кейде 6 – 8 айға дейін созылып кетеді.

Жоғарыда айтып өтілген көріністер сотталған азаматтардың бойында байқалатын болса, мекемедегі кез–келген қызметкер «өтініш» бланкісі арқылы көмек қажет екенін айту міндетті. Ары қарайғы жұмыс, сотталған азаматтың жүріс тұрыс, мінез–құлқын  жасақ бастығынан сұрау арқылы, әңгімелесі, бақылау және түрлі әдістемелер арқылы ол сотталған азаматпен психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстар атқару қажет.

Күйзеліс жағдайларының психокоррекциялық жұмысы кезінде мына кезеңдерді  ескеру қажет:

  • депрессия жағдайының қаншалықты ауыр екендігін және құрылымын анықтау қажет;
  • психикалық бұзылыс екендігін немесе психопаталогиялық бұзылыс екендігін анықтау қажет;
  • нақты өз — өзіне қол жұмсау әрекетінің көріністері, одағы ниетінің деңгейін анықтау қажет;
  • жалпы тәжірибелі психологтың жұмысының нәтижелілігі, ондағы терапия қуатының деңгейі ескерілу қажет;
  • емделушінің жеке бас ерекшелігін ескеру қажет, оған өмірге көз қарасын, мінез ерекшеліктерін, сенімін, ұмтылысын жатқызуға болады;

Психокоррекция жұмысының мақсаты:

  • күйзеліс жағдайының көріністерін азайту немесе жою;
  • емделушінің қоғамдық ортаға қайта келуін қамтамасыз ету;
  • өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын-алу;
  • емдеу аралығына түрлі себептермен қастандық жасау қаупін қадағалау;

Емдеудің мына кезеңдерін өткермес бұрын, біз емделушімен психикалық депрессияға деген қатынасын анықтауымыз қажет, яғни одан арылу тілегінің болуы, бұл терапияның сәтті өтуіне әсер етеді.

 Мысалы: кейде емдеу аралығы кезінде мынадай қателіктер кездесіп тұрады:

  1. Емделушіні қолдау ретінде : «сіз өзіңізді ұстаңыз, қайғы – қасіретті басуға, ұмытуға тырысыңыз, өзіңізге басқаша көз – қараспен қарауға тырысыңыз», дейді. Сонда емделуші осыны жасауға әрекеттенеді. Ал депрессия кезінде мұндайды жасау сирек кездеседі, сондықтан мұны орындай алмағандығына ызасы келіп, өз — өзінің ешқандай нәрсеге жарамайтындығын сезініп, депрессиялық жағдайы үдей түседі.
  2. Ұзақ уақыттық әңгімелерден кейін психокоррекциялық әсері байқалмағандықтан емдеуші психологтың ашу ызасы немесе түсініспеушілік жағдайы пайда болады. Яғни емделуші күнделікті бір арызын айта беретін болса, әңгімені басқа тақырыбқа өзгерту мақсатында емделушіге белгілі бір зиян тигізеді, өткені емделушінің ішкі толғанысын толықтай тыңдауға және соған байланысты әсер етуге емдеу процесіне кедергі келтіреді. Мына жағдайда емделуші одан да бетер өзін қажетсіз сезінетін болады және өзін түсіне алмайтын әсерге тап болады.
  3. сонымен қатар көпшілікке мәлім қателік – ұзақ уақытты кетіргенше, көптеген психотропты дәрі – дәрмекті қолдануға нұсқау беру жағдайлары кездеседі.

Осындай қателіктерді болдырмауымыз қажет, онымен күресуіміз қажет. Бұл қателіктер психолог мамандығының деңгейін төмендетеді, оның дамуына зиянын келтіреді.

Г. Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің ға инспектор психологы,

әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.