Қызылордада Instagram-да жүздеген адамды алдаған алаяққа үкім шықты

151

Материалға сілтемені көшіру
Шымкентте алаяқтар студенттерді алдаған

Қызылордадағы сот 31 жастағы ер адамды онлайн алаяқтық үшін үш жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам және оның сыбайластары 2024 жылы Instagram-да жалған Dake_87057380827 аккаунтын құрған. Ол басқа адамдарға «инвестицияланған ақшаны пайдамен қайтаруды» ұсынып, пайдаланушыларды алдаған.

Ақша букмекерлік платформа және электрондық әмиян арқылы аударылған. Нәтижесінде ел бойынша 121 адам зардап шекті, жалпы шығын – 8,9 миллион теңге.

Сотта ер адам кінәсін мойындап, толық өтемақы төледі. Сол үшін ол бас бостандығынан айыру жазасына кесілмеді.

Қазір ол тұрғылықты жері бойынша шартты түрде сотталды. Үкім күшіне енді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.