ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

152
Балалар үшін жазғы демалысты көңілді өткізудің бір түрі — лагерьге бару.
Бұл жай ғана демалыс орны емес, нағыз шытырман оқиғаларға толы қызықты мекен.
Лагерьдегі жазғы демалыс жаңа достарға, спорттық жарыстарға және көңілді ойындарға толы болады.
Сонымен қатар, лагерьде балалар өз бетінше әрекет жасауға икемделеді.
Бұл өмірдің өзіндік мектебі, онда балалар жаңа қоғамға бейімделуге дағдыланады, қарым-қатынас жасауға үйренеді және белгілі бір тәжірибе жинақтайды.
Лагерь ішіндегі өмір нақты белгіленген тәртіпке бағынады:
таңғы сегізде ояну, он жарымда ұйықтау.
Таң күні бойы сергектік сезімін беретін жаттығудан басталады. Лагерьде тамақтандыру тәртібі енгізілген.
Лагерге барған демалушы оқушыларды медбике тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді.
Жазғы лагерде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмайды.
«Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға қатысады.
Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтіледі.
Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсайды.
Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс лагерінің жұмысын қыздыра түседі.
Балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалған, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, лагерге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеріп мәз-мейрам болады.
Осылайша балаларымыздың әр күні мәнді де сәнді өтуде.
Суреттерде: «Жұрындысай» жазғы сауықтыру лагерінің 3-маусымындағы қызықтар!
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.