ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

22
Үстіміздегі жылдың 18-22 сәуір күндері аралығында Семей қаласында самбо күресінен және жауынгерлік самбодан
ерлер және айелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған ел чемпионатына ауданымыздан самбошылар қатысып, бақ сынады.
Самбо күресінен 65 кг салмақта Асылжан Орынбасарова 1 орын иеленіп, алтыннан алқа тақты.
Орынбасарова Асылжан еліміздің женімпазы ретінде Қытайда өтетін Азия чемпионатына және Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Сондай-ақ, самбо күресінен 59 кг салмақта Сағат Байғараева жүлделі 3 орынға ие болды.
Ал, жауынгерлік самбодан 72 кг салмақта
Ф. Нұрсейтова жүлделі 2 орынды иеленді.
Самбошыларды байрақты бәсекеге тәжірибелі жаттықтырушы Бақыт Батырұлы бастап барды.
Жүлде құтты болсын, жерлестер!

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.