ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

489
Сарысу ауданының  әкімі С.Мамытов Құтқарушылар күніне орай аудандық төтенше жағдайлар бөліміне барып, сала мамандарын құттықтады.
—̶ Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жыл басында ауданда қатты дауылдан орын алған төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері аяқтарынан тік тұрып, өз істерін абыроймен атқарып, жауапкершілікпен қалыпты жағдайға көшуімізге қызмет етті.
Оның ішінде Сіздердің еңбектеріңіз орасан. Үш айға созылған төтенше жағдай кезінде Отан алдындағы борыштарыңызды адал атқардыңыздар. Баршаңызға ауыр да, адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін,—деген аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Танабаевты «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, сала мамандарын аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хат, Сарысу ауданының 95 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен марапаттады.
Сонымен бірге, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы М.Есмұрзаев төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерін марапаттап, алғысын білдірді.
Сарысу ауданы әкімідігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.