Бүгін облыс орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы кітапханада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтың ақын-жазушыларымен кездесті.
Дөңгелек үстел басында өткен жылы шырайлы жүздесуде өңір басшысы сан саладағы ауқымды жұмыстар, оның ішінде мәдениет пен әдебиет мәселесін кеңінен әңгімелеп, зиялы қауыммен сипатты сұқбат құрды.
Келелі кездесуге себеп болған дүние – ол облыстағы 24 қаламгердің шығармалары Алматыдағы Абай баспасынан жеке-жеке жинақ болып жарық көрді. Сол кітаптар кеше ғана Жамбыл жеріне жеткен болатын. Облыс басшысының тікелей қолдауымен жыл басында қолға алынған бұл бастама ізгілік жолы мен тағдырын әдебиетпен байланыстырған қаламгер қауымға зор қуаныш сыйлады. Кітап авторларын қуанышымен құттықтаған облыс әкімі жаңа кітаптардың тұсаукесеріне қатысып, осынау игілікті істің жалғаса беретінін айтты.
Жаңа кітаптардың қатарында Жамбыл ауданы Еңбек ауылының тұрғыны, ақын Қуаныш Ауғанбаевтың да «Құс көзіндегі сағыныш» атты жыр жинағы бар. Қуаныштың қолын алған Ербол Шырақбайұлы ақынға шығармашылық табыс тіледі.
Жамбыл ауданы әкімдігі