ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

109
Құрылысшылар күні қарсаңында ауданның көркеюі мен экономикалық әлеуетін арттырудағы еңбектері үшін бір топ құрылыс компаниясының жетекшілері мен өкілдері, сала ардагерлері, кәсіби құрылысшылар Талас ауданы әкімінің алғысы хатымен марапатталды.
Аймақ басшысы Нұрбол Жүнісбеков құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданды көркейтудегі қызметтері үшін алғысын білдірді.
Құрылысшылардың кәсіпқойлығының арқасында жаңа үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар салынып жатыр. Мұның барлығы да тікелей құрылысшылардың күшімен іске асырылып жатқаны өздеріңізге белгілі.

Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.