ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН КӨРДІ

80
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңатас қаласында қатты жауған жаңбырдан орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын аралап көрді.
Үй иелерімен кездесіп, пікірлесті.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерге жұмысты уақытылы аяқтау керектігін, тиісті сала басшыларына бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 7 шілдесі күні қатты жауған жаңбырдың салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, қаламыздағы бірқатар көшелердегі үйлердің ауласы мен ішін су алған болатын.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.