Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

31

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Құрбан айт мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Құрбан айтының артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктер сөз болып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді. Сонымен қатар діни басқарма тарапынан келген бұйрық бойынша карантин жағдайына байланысты, індеттің таралуына жол бермес үшін онлайн түрде атқарылатын іс-шаралар легі тілге тиек болды.

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Зұлхижжа айының және Арапа күнінің қадір-қасиетіне тоқталып, биылғы мерекенің кестесін жариялады. Биылғы Арапа күні – 26 мамырға сәйкес келсе, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырда басталып, мереке 28, 29 мамырға созылады. Ал Айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Бас имам өз сөзінде мереке күндері 3 күн бойы құрбандық шалынатынын, тұрғындар үшін дәстүрлі форматпен қатар qurban.muftyat.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі де қарастырылғанын атап өтті. Портал арқылы қой, ешкі және сиыр малына тапсырыс беруге болады.

Биыл Тараз қаласы бойынша құрбандық шалу рәсімі арнайы бекітілген қасапханада, яғни Исатай көшесі 1Т мекенжайында жүзеге асырылады. Шалынған малдың еті алдын ала тіркелген мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Бұл жұмысқа мешіт жанынан құрылған еріктілер тобы жұмылдырылады. Сонымен қатар мереке күндері имамдардың балалар үйі мен Қаратау қаласындағы қарттар үйін зиярат етіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруы жоспарланған.

Құрбан айт – рухани тазару мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін мейрам. Бұл күндері ата-анаға құрмет көрсету, балаларға қуаныш сыйлау – өскелең ұрпақтың жүрегінде ізгілік пен мерекеге деген құрметті тереңдетеді. Жиын соңында БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.