Құлсарыда бір апта бұрын су тасқыны кезінде жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды

111

“Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, 4 ауыл Автожолшылар ықшам ауданы тұрғылықты мекен жайынан 1 км жерден, 8 мектеп аумағының сыртынан 2000 жылы туған Нұржауов Асылхан Болатбекұлының мәйіті судан табылды” , – деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жігітті іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 бірлік техника,  6 жүзу құралдары жұмылдырылған.



Бұған дейін Жылыой ауданы Құлсары қаласында 48 жастағы ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған болатын. Кейін олардың көлігі табылған еді.

Бүгін әкесінің денесі олардың үйінен 1 км қашықтықта табылған болатын. 

https://stan.kz/kylsarida-bir-apta-byrin-su-taskini-kezinde-zhogalip-ke-398473/

Leave A Reply

Your email address will not be published.