Журналист Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желіде 7 жылға сотталған Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жазба жариялады, – деп хабарлады turkystan.kz.
«Әй, Гүлмира-ай! Курстасым-ай! «Қыз кезінде бәрі жақсы» демекші, жақсы қыз едің ғой. Сен де байдан сүріндің, мен де байдан сүріндім. Дүние-боққа сонша ғашық болғаның не? 1 курста жүргенде «бір-ақ сәтте өлеміз де қаламыз, адамшылығыңды, иманыңды, құдайшылығыңды ғана о дүниеге өзіңмен бірге ала барасың, басқасының бәрі қалады» деп айтып едім ғой.
Сенімен «дос» болғанын мәртебе санап, сен лақтырған «сүйектен» ауыз тигенге өздерін бақытты санап, бастары айналып жүрген ортақ «достарға» да обал болды-ау. Біреуі бір ауыз жанашырлық, тілектес көңілін білдірді ме? Әй, қайдам?!
Әділдік орнағанына қуана отырып, өзіңе шын жүрегіммен көңіл айтамын. Құдай саған қуат берсін! Бастың амандығынан, деннің саулығынан және қоңыр тіршіліктен асқан бақыт жоқ екенін ендігі 7 жылда түсінсең екен деп тілеймін! Құдай жүрегіңе сәуле, жаныңа шуақ, тәніңе қуат берсін!», – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
https://turkystan.kz/article/221919-kuday-kuat-bersin-zhurnalist-gulmira-satybaldy-zhayly-pikir-bildirdi/