«Құбыр жарылған»: Ақтөбе облысында мұнай сыртқа ағып жатыр

131

Оқиға Кеңқияқ ауылының іргесіндегі мұнай кенішінде болды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты цехтың айналасына су аралас мұнай жайылып жатыр. Оны тазартуды «Ақберен» деген компанияның жұмысшыларына жүктеген.

Мамандардың айтуынша, ұңғымадағы құбыр бұрын дәнекерленген. Сол жері мүжіліп, кейін жарылып кеткен.  Экологтар төгілген мұнайдың қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигізгенін әзір айта алмайды. Тексеру қортындысынан соң мұнай компаниясына қандай жаза қолданылатыны және келтірген залал көлемі белгілі болмақ.

“Сынамалар алынып, ластанған жердің көлемі өлшенді. Департамент тарапынан СНПС АҚ-на «Ақтөбемұнайгаз» қоғамына жоспардан тыс экологиялық тексеріс тағайындалды. Апат себебі – бас бағанадағы дәнекерленген жер жарылып кеткен”, – дейді Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы Тұрар Қожанов.

https://stan.kz/kybir-zharilgan-aktobe-oblisinda-mynay-sirtka-agip-zhat-372704/

Leave A Reply

Your email address will not be published.