Қуаныш пен шаттықтың мерекесі

132
Жаңа жыл – қуаныш пен шаттықтың мерекесі. Сондай-ақ өткенді сараптап, алдағы күнге үлкен үміт артып, жаңа жоспарлар мен межелерді бекітетін айтулы күн десе де болады.
Осындай мерекеде жасы үлкендерге сәлем беріп, олардың аман-саулығын біліп, бір сәт мерекелік ілтипат білдіру – жалпы адамгершілік қағидаттарына жатады.
Осы орайда, бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагері, ауданның Құрметті азаматы Базаркүл Әлмейізованы құттықтады. Ардагер апамыздың хал-жағдайын сұрап, мерекелік себетін сыйға тартып, мерекелік ізгі тілектерін білдірді.
Жорабек Нұрмергенұлы Базаркүл Темірбайқызының ауданға сіңірген еңбектерін атап өтіп, ол кісінің еңбек жолы бүгінгі жастарға өнеге-үлгі екенін атап өтті.
Базаркүл Темірбайқызы мерекеде арнайы құттықтап барған аудан әкіміне аналық алғысын айтып, жаңа жылдық лебіздерін жеткізді.
Базаркүл Темірбайқызы ұзақ жылдар бойы білім саласында ұстаздық етіп, басшылық қызмет атқарған. Сондай-ақ аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып та қызмет істеп, әлеумметтік салаларға жетекшілік етіп, ауданның дамуына қомақты үлесін қосқан.

 

Меркі Ауданы Әкімдігі 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.