ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

159
Өңірлерді аралау бағдарламасы бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.Алдымен халық қалаулылары М-1, М-3 магистральді жылу желілерінің жұмысымен танысты.
М-1 магистральді жылу желісінің меншік иесі «ТаразТрансЭнерго» МКК. Жалпы ұзындығы – 6,76 шақырым. Жылыту аумағы – 430,4 кв.м. М-1 жылу желісі арқылы 131 көппәтерлі тұрғын үй, 8 мектеп, 6 балабақша және 88 әлеуметтік, өндірістік нысандар жылытылады. М-3 магистральді жылу желісі де «ТаразТрансЭнерго» МКК-ға қарайды. Жылу желісі 89 көппәтерлі тұрғын үйді, 3 мектеп пен 4 балабақшаны, 4 әлеуметтік, өндірістік нысандарды жылытады. Жылыту аумағы — 267,0 мың кв.м.
Сонымен қатар депутаттар Талас өзеніндегі көпірдің жағдайын және өзен жағалауын нығайту жұмысымен де танысты. Тараздан Алматыға шығатын аумақтағы Талас өзеніндегі көпірді қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленген. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ал, Талас өзенінің арнасын, жағалауын нығайту бойынша жұмыстар 2023 жылдың желтоқсанында аяқталуға тиіс.
Облыс орталығындағы «Барысхан» тұрғын үй алқабында 600 орындық мектеп салынған. Құрылысы 2021 жылы басталған оқу ордасы 3 қабаттан тұрады. Қазіргі уақытта жылу жүйесі, су құбыры, электр желілері іске қосылған.
Алқапта 8-18 жас аралығында 1032 бала бар болса, оның 828-і мектеп жасында.
— Заманауи үлгіде салынған мектеп биыл қолданысқа берілетіні қуантады. «Барысхан» алқабына дәл қазір білім ошағы ауадай қажет. Сондықтан көп ұзамай барысхандық балалар осы мектепте оқиды деген ойдамын. Бұл үлкен халыққа жасалған қолдау, — дейді Абдалы Нұралиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.