Көшеге кәріз суын төккен тұрғынға айыппұл салынды

45
Тазалық – мәдениеттің көрінісі, қоғамның айнасы. Бұл тұрғыда тәртіп пен қадаға ауадай қажет. Осы мақсатта аумақтық округтің бас инспекторлары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда бұған құлақ аспайтын тұрғындар әлі де баршылық.
Соның бір мысалы – қаламыздағы Көшеней көшесіндегі №128 үйдің иесі өз үйінен шыққан кәріз суын көшеге заңсыз ағызған. Лас судан шыққан жағымсыз иіс қолқаны қауып, өзге тұрғындардың наразылығын туғызды. Соған орай учаскелік инспектордың ескертуіне қарамастан айналаны жағымсыз жағдайға жеткізген тұрғынға 51 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Құрметті қала тұрғындары!
Шаһар тазалығына барынша жауапкершілікпен қарайық!

Leave A Reply

Your email address will not be published.