ҚОС ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

145
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 112 және жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция «Б.Момышұлы мен Ә.Нұршайықов: ақиқатқа айналған аңыз» тақырыбында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы мен Тараз қаласының Б. Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясының бірлесуімен жүзеге асты.
Іс-шараға даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл, ZOOM платформасы арқылы филология ғылымдарының докторы, профессор, «Абайтанушы» Мекемтас Мырзахметұлы, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Мамытбек Қалдыбай, Шымкент қаласы шеберлік орталығының қызметкері, Бауыржантанушы Абай Қалшабек, жазушы, драматург, энциклопедист Елен Әлімжан, мәдениет бөлімі мен білім бөлімі басқармаларының өкілдері, мектеп мұғалімдері мен орталық қызметкерлері, студенттер, оқушылар қатысты.
Конференция қос тұлғаның арасындағы шығармашылық байланысты ХХІ ғасырдың көгінде тұрып, бүгінгі күн тұрғысында саралау мақсатына негізделді.
Конференцияны «Балалар жылы» аясында Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясы оқушыларының хоры салтанатты түрде ашып берді.
✔️Тарих факультетінің 2 курс студенті Сәт Қуантай Бауыржан атамызға арнаған өзінің авторлық жүрекжарды толғауын домбыраның әуеніне салып орындаған болса, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі Әлімбай Аманбайұлы Найзабаев Ә.Нұршайықовтың шығармасына арнап, бірнеше жылдар бұрын жазған өлеңін оқыды. Сондай-ақ, Б. Момынқұл ағамыз өз тарапынан Бауыржан атамыздың 30 томдық кітаптар жинағын Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне ресми түрде табыстады.
Дереккөз: @jambyl_museum

Leave A Reply

Your email address will not be published.