Көрісу күніндегі қауышу

Амал мерекесінде жазасын өтеушілер жақындарымен жүздесті

35

Көрісу – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мейрамы ғана емес, сондай-ақ ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Аталған мерекеде ел-жұрт бір-бірінің халін сұрасып, жанның амандығын тілескен.

Мейрам қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде де игі шара өтті. Бұл күні мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар туыстарымен ұзақмерзімді кездесуге мүмкіндік алды.

– Көрісу күні – жүрекке жылу сыйлайтын мереке. Бұл мерекені Қазақстан халқы зор ықыласпен тойлайды. Аталмыш мерекеге біз алдын ала дайындалдық. Ұзақ мерзімді кездесуді асыға күттік. Жақындардың қауышатын сәті дәл Амал мерекесіне сәйкес келгенінің өзі ерекше әсер береді, –дейді кездесуге келген сотталғанның жұбайы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.