«Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде 8 жасырын казино заңсыз жұмыс істеген.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi.
«2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 Қазақстан азаматы ұсталды. Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды» – делінген ақпаратта.
Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.