Қордайда «АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» жобасы аясында 21 көше жендеуден өтуде

72

Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 28 жобаға 1 млрд. 417 миллион теңге қаражат бөлінді. Ал ауылішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша 21 жобаға 778,8 миллион теңге қаражат қаралды.

Бүгінде аталған жоба аясында Қордай, Жамбыл, Әлжан ана, Қақпатас және Бетқайнар ауылдық округтеріндегі 21 көшенің жөндеу жұмыстары басталды.

Ауданға қарасты Бетқайнар ауылының тұрғындары көп уақыттан бері жолдың азабын тартып келген еді. Жуырда көптің тілегі қабыл болып, ауылішілік екі жолға жөндеу жұмыстары бастау алды.
Бетқайнар ауылындағы Жеңіс көшесін орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, 1,5 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүруде. Дәл сол сияқты, осы ауылдағы С.Қожантаев көшесінің 3 шақырым жолын жөндеуге облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар қызу атқарылуда.

Айта кетейік, ауданда «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында осы жылы Қордай ауданында спорт саласында 3 жоба, мәдениет саласы бойынша 3 жоба, білім саласы бойынша 1 жоба іске асатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.