ҚОРДАЙ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ АЛТЫН КЕНІН ИГЕРУ БАСТАЛДЫ

71
Қордай қойнынауында құны 12-15 трлн. теңге болатын алтын жатыр. Зерттеушілер қазба байлықты барлап, осыны анықтаған.
Бүгін ауданда жалпы құны 47 млрд. теңге болатын “Шоқпар — Гагаринское” тау — кен байыту комбинатының құрылысы басталды.
Жобаның ірге тасының қалануына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, ресми түрде Жамбыл жерінде тағы бір зауыт ашылатындығын хабарлады.
Болашақта мұндағы тау бөктерінде төрт түрлі металл өндіріліп, өңделеді.
Атап айтқанда, алтын, күміс, мырыш және қорғасын концентраттары.
Салтанатты рәсімінен кейін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бірден журналистерге қарай жақындады. Амандық саулық сұрасып, олармен емен жарқын әңгіме айтты.
Ол мұндай айтулы істі халыққа жеткізудегі журналистер жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Сондай- ақ тілшілер қауымына өңірге инвестиция тарту бойынша атқарып жатқан жұмыстарын айтып берді.
Осылайша, қашан да қарапайым қалпынан таймаған Қарашөкеев бүгін де БАҚ өкілдері алдындағы сол ашықтығын айқындай түсті.
Қазір Жамбылда күнде бір зауыт ашылатын болған деп әзілдеген біз шынында тағы бір игілікті істің куәсі болып қайттық.
Аймаққа биылғы тоғыз айда 490 млрд. теңге инвестиция тартылып, тура осындай 30 зауыт салыну үстінде екен.
Соның ең үлкен 5 зауыты осы Қордай жерінде десек, алдағы жылдары КИЕЛІ ҚОРДАЙ- ҚУАТТЫ ҚОРДАЙҒА АЙНАЛАРЫ СӨЗСІЗ…
@Бітер істің басына, жақсы келер қасына дейді қазақта…

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.