Көпбалалы аналар жолды жауып тастады (ВИДЕО)

104
Ақтауда бір топ әйел қала орталығындағы жолды жауып тастады — олар жалдап тұруға берілген баспананы жекешелендіруге рұқсат беруді талап еткен. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Митингіге қатысушылар бұрын Ақтауда жалға берілетін баспана алған Жаңаөзен қаласының тұрғындары болып шықты.
Олар бұған дейін әкімдіктен осы баспананы жекешелендіруге рұқсат беруді талап еткен. Облыс әкімшілігі Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы бұған жол бермейтінін түсіндірген. Комиссия құрылып, оған наразы тұрғындар шақырылыпты. Бүгінгі таңда комиссияның екі отырысы өтіп, айтылған талаптарды зерделеуде.
Осыған қарамастан 8 ақпан күні кешке Маңғыстау облысының әкімдігіне ондаған наразы әйел келіп, комиссия отырысын жалғастыруды талап етті.
Құқық қорғаушылар наразылық білдірушілерге олардың әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын түсіндірді. Полицейлер біраз уақыттан кейін жолды ашты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.