Конституция күні қарсаңында ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

153

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағыныста ЖД-158/2 мекемесінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға мекеме басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Құттықтаумен мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев сөз сөйледі.

– Конституция күнін мерекелеу – еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Конституция жариялаған құндылықтарды сақтаумен қатар, азаматтар сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы өзара іс-қимыл жасау ішкі істер органдарының басымдықтары болып саналады. Сіздерге бейбітшілік, амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!, – деді өз сөзінде Ерлан Ділдәбекұлы.

Атаулы дата қарсаңында марапаттар табыстау жағымды дәстүрге айналған. Осыған орай жыл ішінде табысты қызмет еткен бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.