Конго Қырым геморрогиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары 3 кезеңде жүргізілді

341
Залалсыздандыру жұмыстары негізінен көктем, жаз, күз мезгілдерінде жүргізіледі.
1 кезең Жамбыл облыстық санитарлық эпидемиологиялық департаментінің бекітуімен ауданымыздың 7 елді мекенінде (Игілік, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда, Досбол, Жайылма және Ақтам) жүргізілді.
Жоспарға сәйкес, 1 кезең сәуір айының 20-ы және мамыр айының 5-і аралығында өтті. 7987 бас МІҚ, 78707 бас уақ мал, 2143 бас жылқы, 1785 бас түйе және 1057 ауланың 315 300 м2 қора жайы залалсыздандырылды. Жұмыс барысында 946 кг дуст, 289 литр диазинон және 48 литр креолин препараттары қолданылды.
2 кезеңде Департамент ұсынысы бойынша қосымша 4 елді мекен (Шағалалы, Маятас, Жаңаталап және Үлкен Көкдала) қосылып, 11 елді мекенде өтті.
Жоспарға сәйкес, 2 кезең мамыр айының 20-ы және маусым айының 18-і аралығында жүргізілді. 11 675 бас МІҚ, 122 374 бас уақ мал, 3 435 бас жылқы, 2 424 бас түйе және 1286 ауланың 385 800 м2 қора жайы залалсыздандырылды. Жұмыс барысында 1153 кг дуст, 397 литр диазинон және 67 литр креолин препараттары қолданылды.
Залалсыздандырудың 3 кезеңі 11 елді мекенде тамыз айының 20-ы және қыркүйек айының 25-і аралығында жүргізілді.
Жоспарға сәйкес, 11 675 бас МІҚ, 122 374 бас уақ мал, 3 435 бас жылқы, 2 424 бас түйе және 1286 ауланың 385 800 м2 қора жайы залалсыздандырылды. Жұмыс барысында 1153 кг дуст, 397 литр диазинон және 67 литр креолин препараттары қолданылды.
Аудандық ветеринария саласының жауапты мамандары мен ауылдық округ әкімдері залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру, қадағалау және қабылдап алу сияқты жұмыстарға белсене ат салысты.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.