Көне Тараз самаладай жарқырайды

85

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Бақытжан Әмірбекұлы қала көшелерін жарықтандыру жайын тілге тиек етті.

– Осы мақсатта 2023 жылы 83 көшеге, 2024 жылы 76 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылғанын білесіздер. Ағымдағы жылы да бұл жұмыс жалғасын тауып, 85 көшеге жарық шамдары орнатылды. Оның ішінде, 65 көшеміз биыл аяқталса, 20 көшенің жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру мақсатында 2023 жылы – 32 аула, 2024 жылы – 568 аула, 2025 жылы 308 аула жарықтандырылды. Ал 2026 жылы Жамбыл, Төңкеріс, Гамелей, С.Койбақов, Қ.Сәтпаев, А.Асқаров, Көшек батыр көшелерінде 206 аула жарықтандырылады.

Сонымен қатар С.Сейфулин көшесінің Саңырық батыр мен Д.Қонаев көшесі аралығының бір жақ бетіне түнгі жарық шамдары қойылып пайдалануға берілді.

«Ұлы дала» шағынауданындағы 100-ден аса ауланың 23-іне және 44 көшенің 15-іне жарықшамдар орнатылды. Бұл жұмыстар келесі жылы толық аяқталады, – дейді қала әкімі.

Былтырдан бері қала маңындағы саяжай алқаптарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жоба құны 8,4  млрд теңге болатын жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар құрылысы жүргізілуде. Бірақ аталған жобаны кестеден ерте, яғни жыл соңына дейін аяқтауды жоспарланып отыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.