Қонақ үй ауласына қонған сирек құс құтқарылды

813

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумаұтыұ инспекциясының қызметкерлері Ресей мемлекетінің «Қызыл кітабына» енген «Выпь» құсын құтқарып қалды. Тараз қаласындағы «Феникс» қонақ үйінің ауласына келіп қонған белгісіз құс туралы алғашқы ақпаратты қонақ үйінің иесі А.Маралова ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметовке жеткізеді.

Хабарлама бойынша жедел әрекетке көшкен Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жанарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандары Жанна Дүйсенбаева, Сұлтан Минтурганов және ВБҚК Тараз қалалық инспекция бас маманы Айдар Сүгірбаев барып қарап тексеру барысында қызыл кітапқа енгізілген жабайы үлкен Выпь құсы екені анықталған. Тараз қаласы әкімдігінің ветеринарлық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорның үйжануарлар дәрігерінің клиникалық тексерілуден өткізіліп, тексеру нәтижесінде жабайы құста жұқпалы аурулар белгілері анықталмаған. 


— Құстың қанаттары, аяқтары сау және құстың өз бетінше ұшалатындығы туралы анықтама дайындалып, үлкен Выпь құсын табиғат аясы тіршілік ортасына қайта жіберілді. Бір қызығы бұл құс Ресей мемлекетінің Қызыл кітабына енген. Қазақстанда бұл құс мекендемейді. Тек біздің мемлекетіміз арқылы ұшып өтеді, — дейді Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жанарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің маманы Сұлтан Минтурганов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.