Қонақ бөлменің болмауы психикалық денсаулыққа кері әсер етеді – зерттеу

54

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/271788-qonaq-bolmenin-bolmauy-psixikalyq-densaulyqqa-keri-aser-etedi-zertteu
Пәтерде қонақ бөлменің болмауы әлеуметтік байланыстарды үзіп, психикалық денсаулыққа кері әсер етеді. Бұл туралы The Guardian жаңа зерттеуге сүйеніп жазады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көпшілікке арналған ортақ аймақ болмаған жағдайда адамдардың төсегі – офистің, асхананың, кинотеатрдың және қонақ күту орнының рөлін атқара бастайды. Мұндай кеңістік достарды шақыруға мүмкіндік бермейді, адам өз үйінде «қамалып қалғандай» сезінеді. Соның салдарынан жалғыздық, оқшаулану және депрессия күшейеді.

Алғашында студия-пәтер үнем мен қолайлы шешім болып көрінуі мүмкін. Алайда уақыт өте келе ол адамның жеке трагедиясына айналатынын зерттеу көрсетіп отыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271788-qonaq-bolmenin-bolmauy-psixikalyq-densaulyqqa-keri-aser-etedi-zertteu

Leave A Reply

Your email address will not be published.