КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

152
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері және аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Комисия отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Возможно, это изображение 5 человек
1. «2024 жылдың көктемгі су тасқынын алдын алу кезеңіне гидротехникалық, қорғау құрылыстары мен арық-дренаж жүйелерінің жағдайы туралы» аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н. Молдабеков, 2. ««Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық шаралары туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ә. Бекенов, 3. «Елді мекендерде құлақтандыру жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» аудан әкімдігінің ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімі басшысының орынбасары Е. Базарбаев, 4. «Шомылу маусымы кезінде су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Жаңатас қаласының әкімі И. Домалақов хабарлама жасады.
Возможно, это изображение 6 человек и люди учатся
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы нақты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын тыңдады. Жауапты сала басшылары мен мамандарға хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, 2024 жылы 7 ақпан күні өтетін «Көктем-2024» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығуды өз дәрежесінде өткізуді тапсырды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.