«Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!»

96

М.Х.Дулатидың туғанына 525 жыл толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті музейінде, «Тифломузей» жобасы аясында 82 тарихи жәдігерге Брайль қарпімен атаулары жазылып, арнайы QR код қойылды.

Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі білімгерлер мен «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған шарада тарихи жәдігерлерді қолмен сипап, құлақпен есту арқылы танысуға мүмкіндік алды.

Бұл жоба екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Бүгінде барлық аймақтық аудан музейлерінде ашылып, 300-ге жуық экспонаттар көрмеге қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.