Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылының кіре берісіне демеушілер есебінен «КӨЛТОҒАН ауылы» стеласы орнатылды.![]()

Туындыны тамашалауға облыстық мәслихат депутаты, аудан әкімінің орынбасары және аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар қатысты. Демеушілерге құттықтау сөздер мен алғыс білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді.![]()

Стеланы Көлтоған ауылындағы қазіргі Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебінің 1984 жылғы түлектері орнатты. Қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік жасап атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз!