КОЛЛЕДЖ ЖАСТАРЫ КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛДЫ

60
Ауданымыздың 95 жылдығына орай апта сайын өткізіліп келе жатқан «Саялы өлкем – Сарысуым» атты мәдениет және өнер фестивалі тұрғындардың сүйікті кешіне айналған.
Аталған фестиваль бейсенбі күні Жаңатас көпсалалы колледж ұжымының ұйымдастыруымен жалғасын тапты.
Мерекелік шараны мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, қала тұрғындары және жастар тамашалады.
Әнмен өрілген кешті кәсіптік білім ордасының белсенді қызметкерлері Б.Аманбаев пен Н.Шалғынбаева жүргізді. Өнерлі жастары әсем әнмен тұрғындарға тамаша көңіл күй сыйласа, колледж білімгерлерінен құралған «Жаңа Париж — Жаңатас» жайдарман командасы әзілдерімен көпшіліктің көзайымына айналды.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар аудан тарихы, ауданнан шыққан танымал тұлғалар туралы викториналық сұрақтар қойып, сұраққа дұрыс жауап беріп, белсенділік танытқан көрермендерге естелік сыйлықтар тапсырды.
Қазақша көйлек киген арулар тұрғындарға бауырсақтар ұсынып, ұлттық құндылығымызды танытты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.