Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға тыйым салуды өзгерту керек — Нартай Аралбайұлы

74

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев көлікті 5 минуттан артық қыздырмау талабын өзгерту керегін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.Депутат атағандай, көлік туралы айтқанда қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан автокөлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға болмайды деген ақылға томпақ талаптан аттап кете алмайды.

«Бұл 20 жылдан астам уақыт бұрын үкімет бекіткен шешім. Бірақ аталған қаулының қате екеніне бәріміздің көзіміз жетіп отыр, қоғамда қатаң сынға алды. Бұл ақылға сыймайтын шешім, себебі сарышұнақ аязда көлікті қыздармасаң темір тозады, көлік бұзылады, оны жөндеп шығынға бататын баяғы бұқара халық. Бұл турасында бір ғана ұсыныс бар, автокөлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға тыйым салатын министрліктің шешімін дереу өзгерту керек. Әрине қоршаған ортаны да қорғау керек, бірақ нақты өмірдегі жағдайды да ескеру қажет. Көлік оталып тұрғаннан экологияға зиян келеді дейтін уәкілетті органдар алдымен ауаға тонналап зиянды қалдық тастайтын зауыттар мен аспаннан қара қар жаудыратын мекемелерді тәртіпке салып алсын», — дейді ол.

https://buginmedia.kz/1255/k-likti-5-minuttan-arty-z-yzdyru-a-tv-yyym-saludy-zgeru-kerek-nartay-aralbay-ly?fbclid=IwY2xjawIHVW9leHRuA2FlbQIxMQABHR2lnzfEKBs2i6F2dUq5eQLyCcqYyh3xf0S9SVHdqFEn_V0ef-FSnTKRMA_aem_OLf8vXWoUNt9TWmcY7WmLg

Фото: pexels.com

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.