Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

114
2023 жылға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Бөлінген дизель отынын агроқұрлымдарға тарату үшін, облыс бойынша 14 оператор белгіленді, 1 л дизель отыны 204-214 теңге аралығында шаруаларға таратылуда.
Бүгінгі күнге белгіленген операторлар тарапынан ақпан, наурыз және сәуір айларына бөлінген көлемнің 15,5 мың тоннасына қаражат төленді.
Бүгінгі таңда, оның 11,7 мың тоннасы облысымызға жеткізіліп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 10,6 тоннасы таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.