Көкшетауда жоғалған жасөспірім Астанадан табылды

115

Көкшетауда жоғалған жасөспірім Астанада жүрген жерінен табылды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 жастағы Лейла Тойбазар биылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Оны іздеуге Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды.

Нәтижесінде Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Астана қаласы, Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.

«Биылғы жылдың 7 сәуірінде жоғалған қызды елордалық тәртіп сақшылары Астана қаласындағы мекемелердің бірінде байқап, ақмолалық әріптестеріне хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді ведомстводан.

https://turkystan.kz/article/219309-kokshetauda-zhogalgan-zhasospirim-astanadan-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.