Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың мәселелері оң шешімін тапты

90

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Е.Мақажановтың Қордай ауданында жүргізген қоғамдық қабылдауына келген шетелдік 6 азамат «Шетелдіктің тұру ықтиярхатын» (вид на жительство) ала алмай жүргеніне 7 ай болғанын айтқан. Департаменттің басшылығымен бұл мәселе бақылауға алынып, Жамбыл облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметіне жүргізілген талдау аясында шетелдік азаматтардың құжаттары жеделдетілген тәртіппен дайындалып, аталған азаматтарға табысталды.
Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауға келген кезекті азаматтың жер дауы мәселесі қаралды. Аудандық Полиция басқармасы мен жер қатынасы бөлімінің мамандарының қатысуымен ауыл тұрғынына орын алған мәселені шешу жолдары бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтық тәртіпте шешу керектігі туралы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.