Қоғамдық бақылау

30

«ҮЕҰ-МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕТІГІ» атты кездесу өтті
2026 жылғы 29 мамыр күні облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылауға арналған «ҮЕҰ-МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕТІГІ» атты кездесу өтті.


Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Іс-шараға Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің, Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің және Байзақ аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығы, азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлі, қоғамдық бақылау құралдарын тиімді пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу аясында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сарапшысы, заңгер Самира Өмірбайқызы Тайтенова қоғамдық бақылау жүргізудің құқықтық негіздері, азаматтардың қоғамдық мониторингке қатысу мүмкіндіктері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.
Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдық бақылау саласында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог алаңына айналып, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыруға және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.
Аталған кездесу «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.