«Қоғам маған бір жері кем адамдай қарайды»: Танымал актриса қысым көріп жүргенін мәлімдеді

84
«Қоғам маған бір жері кем адамдай қарайды»: Танымал актриса қысым көріп жүргенін мәлімдеді
Фото: harpers
https://turkystan.kz/article/261460-qogam-magan-bir-zeri-kem-adamdai-qaraidy-tanymal-aktrisa-qysym-korip-zurgenin-malimdedi

Елімізге танымал актриса Жазира Еркін “Айтарым бар” подкастына берген сұхбатында тұрмыс құрмағанын бетіне басып, көңіліне тиетін адамдар туралы айтты, деп жазады turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол өзінің тарапына болатын аяушылық көзқарастардан шаршаған.

«Қысым, ол — менің қазіргі қоғамдық статусым. Мен тұрмыста емеспін. Бірақ, маған бір жерім кем адам сияқты қарайды. Мен шаршадым. Отырыстарда маған “Сен әлі не істемедің ба? Жоқ па ешкім, бопты енді. Бірдеңесі болар”, деп мен қалып бара жатқандай айтады. Ол нәрсе өспес үшін мен өзімде басқа нәрсені өсіруім керек. Мен жан-жақты болуға тырысамын. Мен жәй отыра алмаймын. Өйткені мен отырсам, жаңағы ойлар мені жеп қояды», дейді ол.

Ол психологиялық тұрғыда ондай ауыртпашылықты көтере алмайтынын атап өтті.

«Мен өзімнің хоббиларыммен өмірімді безендіремін. Өйткені, ол — менің өмірім ғой. Енді қашан? Қартайғанда ма әлде қоғам менің түбіме жеткенде ме? Олай болмайды ғой. Мен өзіме қамқорлық жасау мақсатында сондай нәрселермен айналысамын», — дейді актриса.

Leave A Reply

Your email address will not be published.