Қоғам алдында парызын өтеу – кінәсін кешу үшін

151

Қоғам алдындағы парызымызды өтеу барша адамзаттың ортақ ісі. Осыған орай Мемлекет басшысының 2020 жылғы 29 қазандағы тапсырмасын орындау үшін басқа адамдардың қылмыс жасауының алдын алу тұрғысынан қабылданатын шаралардың тиімділігіне назар аудара отырып, қоғамнан оқшауламай қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі жұмыс жандандырылды.
Мемлекет басшысының аталған тапсырмасын орындау аясында 2021 жылы «Қоғам алдында парызын өтеу» деген жазуы бар арнайы кеудешелерді қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға сотталғандардың киіп жүруі туралы мәселені қарастырумен, әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізуге бастамашылық жасалды.
Отырыс нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарды орындау кезінде арнайы кеудешелерді киіп жүру тұжырымдамалық қолдау тапты және бюджет қаражаты шегінде оларды киіп жүру енгізілді (Ақмола, Алматы, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО).
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат (Президенттің 15.10.2021 ж. № 674 Жарлығы) тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоғамдық жұмыстарға байланысты жазаны орындауға жариялылық элементтерін беру, оның ішінде сотталғандар үшін арнайы тану киімін кию міндетін енгізу мәселесі пысықталуда.
Мұндай шара терең профилактикалық әсерге ие.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті Тараз қалалық пробация қызметтері есебінен жыл басынан 18 сотталған азамат өтті.
Оның 7-і белгіленген сағаттарын атқарса, қалған 11 азамат
«Қоғам алдында парызын өтеуде» !!!

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
Тараз қалалық Пробация қызметті

Leave A Reply

Your email address will not be published.