Коалиция Қарағанды облысының жетекші қоғамдық-саяси күштерін біріктірді

64

Коалиция Қарағанды облысының жетекші қоғамдық-саяси күштерін біріктірді: 13 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Қарағанды облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының қызметі ресми түрде  басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл коалиция Жаңа Конституция жобасының баптарын кеңінен қоғамдық талқылау және түсіндіру, сондай-ақ оның негізгі ережелерін облыс тұрғындарына жеткізу мақсатында құрылды. Бастама азаматтармен ашық диалогты күшейтуге және қоғамды мемлекеттік реформалар процесіне тартуға бағытталған.

Коалицияға жетекші қоғамдық-саяси күштер, саяси партиялардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және елдегі миллиондаған азаматтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдар кірді. Жалпыұлттық отырыс барысында Жаңа Конституция әділ және заманауи мемлекеттің негізі болып, саяси жаңғыртуды қамтамасыз етуі және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтуі керектігі атап өтілді.

Конституция жобасында жеке тұлғаның рөлін күшейтуге, білім, ғылым және инновацияларды болашақ прогрестің негізгі қозғаушы күштері ретінде дамытуға ерекше мән берілген. Бұл бағыттар тұрақты реформалар мен елдің стратегиялық дамуының негізі ретінде қарастырылады.

Коалиция құрамына қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары және сарапшылар кірді. Жаңа Конституция жобасының ережелері туралы халықты хабардар ету мақсатында тақырыптық кездесулер, ашық талқылаулар, іссапарлық шаралар және басқа форматтар жоспарланған.

Қарағанды облысының өңірлік коалициясына барлығы 95 қатысушы кірді. Облыс тұрғындарын кеңінен хабардар етуге бағытталған 858 іс-шара мен қоғамдық акциялар жоспарланған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276169-koaliciia-qaragandy-oblysynyn-zeteksi-qogamdyq-saiasi-kusterin-biriktirdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.