Атырау қаласындағы Кәсіподақтар үйінің кіші залында еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ секторының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Шара Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге бағытталған. Дәлірек айтқанда, жұмысшылардың құқығын шынайы қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарды қолдау бастамасы кеңінен түсіндірілді. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – беделді кәсіподақтар және еңбекшілердің салалық одақтары. Кәсіподақтар ел азаматтарының құқықтарын қорғап, еңбек дауларын әділ шешуі керек.
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы көпшілік тарапынан қолдау тапты. Қазақстандықтар үшін әділетті әрі жаңа әлеуметтік бағыттың уақыты жетті деп есептейді партия өкілдері.
Іс-шара сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.
ҚХП Атырау облыстық филиалы