ҚХА мүшерелі түзеу мекемесінің жұмысына оң бағасын берді

107

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтарының бұзылмауы, оларды қоғамға қайта бейімдеу барысында ұстаудың барлық талаптарға сай жүргізілуі секілді маңызды мәселелер мемлекеттің де, қоғам өкілдерінің де назарынан ешқашан тыс қалған емес. Бұл мақсатта аталғам мекемелерге арнайы құрылған топтар барып, жазасын өтеушілердің жағдайымен танысып тұрады. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен құрылған осындай топ жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде болды.

Топ құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабатхон Миражапова, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, «Радонеж» орыстар этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Антонина Беляева, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Жалил Аббосов, «Радонеж» орыстар этномәдени бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокиндер болды.

Мекемеге сапары барысында топ мүшелері сотталғандармен, сондай-ақ жаза мерзімінің бітуіне 1-3 ай қалған азаматтармен кездесіп, тілдесті. Жүздесу барысында жазасын өтеушілердің бостандыққа шыққан соң заң алдында таза өмір сүру, қоғамға қайта бейімделу және тәртібі нашар азаматтармен пікір алмасып, заңмен бекітілген талаптарды бұзбау, дұрыс көңіл-күйде болып, алдағы өмірге тек жақсылықпен үміт ету, және ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен татулықты сақтау жөнінде мәнді-мағыналы, тәрбиелік-танымдық әңгіме өрбіді.

Бұдан бөлек, топ мүшелерінің сапары барысында сотталғандарға жұмыс орындарын ашуға көмек көрсету, мекемеге демеушілік қолдау жасауға септігін тигізуге уәде берді. Сонымен қатар, мекеменің асханасын, өндірістік аймағы мен клубын және емханасының жұмысымен танысып, оң бағаларын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.