КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР АКТЕРІ, ЕҢБЕК ЕРІ — АСАНӘЛІ ӘШІМОВ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

93
Кино және театр актері, даңқты тұлға Асанәлі Әшімов туған жеріне келді. Өнер иесін жерлестері құрмет қошеметпен қарсы алды.
Туған жерге табаны тиген аңыз тұлға алдымен Жайылмадағы Ысқақ Пірадар мешітінде болып, бабалар рухына тағзым жасады. Асанәлі Әшімовпен бірге ақын, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Маралтай Райымбекұлы да келіп, жерлестерінің ыстық ықыласына қауышты.
Мұнан соң қадірменді қонақтар ауылдық мәдениет үйінде болып «Бірегей» киносын ауыл жұртшылығымен бірге тамашалады. Аудан әкімі Сәкен Мамытов құрметті қонақтарға арнап жылы лебізін арнады. Сонымен қатар, ақын, Мемлекеттік Дарын сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы да ізгі тілегін жолдады.
Ақжолтай тілектер ағылған кеште Асанәлі Әшімов тебірене сөз сөйлеп, жерлестеріне ризашылығын білдірді. Шара барысында өнер иесі балаларға базарлық ретінде естелік сыйлық болсын деп жейделерді таратты.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.