Хуситтер соғысқа айдап салған балалардың 2000-дайы майдан даласында көз жұмған

214

Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, Йемендегі хуситтер соғысқа тартқан балалардың шамамен 2000-ы майдан даласында мерт болған. Бұл жайында aljazeera.com мәлім етті.

Хуситтер 7 жасқа дейінгі балаларды қару-жарақты тазалау жұмыстарына жегеді. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіндегі 300 беттік баяндамада хуситтер балаларды соғысқа тарту үшін мешіттер мен жаздық лагерлерді пайаланатыны айтылған.

Саудия бастаған коалициямен арада жүріп жатқан соғыстан баудай түскен жеткіншектердің 1406-сы 2020 жылы, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 562-сі өлген. Майдан даласында өлген балалардың дені 10-17 жас аралығында.

islam.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.