Храпуновтар ісі: Алматының экс-əкімі қандай мүліктерді заңсыз иемденген

565

Алматыда өтіп жатқан сот барысында қандай мүліктер заңсыз жекешелендірілгені анықталды.

Айыптау актісіне сәйкес, Храпунов ісі бойынша  — 20 эпизод, Лейла Храпунованың  ісі бойынша- 11 эпизод, Лейла Храпунованың сіңлісінің күйеуі  —  Айяра Ильясовтың  ісі бойынша 1 эпизод қаралып жатыр.

Тек қана 2002-2003 жылдар арасында Алматыда 50 жер учаскесі заңсыз сатылған.  Оның ішінде Горная 232 мекенжайындағы алаң, Назарбаев көшесіндегі №186 балабақша ғимараты,   «Shadid Engineering Ltd» жəне «АКБ «Казкоммерцбанк» ЖАС жекешелендірілген.

Мəселен, «Самал-3» шағын ауданындағы жер телімі  тұрғын үй салуға  «Shadid Engi-neering Ltd» компаниясына берген.  Екі жылдан соң учаске компаниядан мемлекет мүддесі үшін тартылып  алынған.  2003 жылы күзде тәркіленген учаске Храпуновтың туыстарына  берілді.

Жер учаскелерінің кейбірі Лейла Храпунованың туыстарының атына аударылған.

Одан бөлек, 2002 жылы 15 қарашада  Храпунов нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жерін алуға тыйым салынған «Медеу»мемлекеттік табиғи паркінің  «Дубовая Роща» мен «Лесная Сказка» демалыс алаңдарын заңсыз беру туралы қаулы шығарған. Сол жылдары Лейла Храпунова ға қатысы бар «Гульмира» ЖШС   «Дубовая Роща» демалыс алаңын 1 млн. 800 мың теңгеге, ал «Лесная Сказка» алаңын 2 млн 100 мың теңгеге сатып алған.

Сонымен қатар, Храпунов Алматы əуежайындағы терминалдарды, ҚР СІМ қабылдау үйі, ҰОС ардагері емханасын, «Сайран»  тағы басқа мүліктерді иемденді деген айып тағылды.

Алматы экс-əкімі «Қуат» құрылыс компаниясынан, «Айт Хаузинг Комплекс» компаниясынан пара алды деп айыпталды.

Айта кету керек, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерлі-зайыпты Храпуновтарға қатысты іс қаралып жатыр. Виктор мен Лейла Храпуновтардан өзге сотталушылар Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серик Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтар сот алдында жауап бермек.  Виктор мен Лейла Храпуновтар, Айяр Ильясовқа сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған тұлғалардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы таңдалды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.