Хаттама жүргізудің міндеттілігі

421

Хаттаманың мазмұны.

Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке процестік әрекеттің хаттамасы істі талқылаудың немесе жеке процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән-жайларын көрсетуге тиіс.

Сот отырысының немесе жеке процестік әрекеттің хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды.

Хаттамада:

Сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
Сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;
Істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;
Істін атауы;
Соттын стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио-бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;
Іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;
Іске қатысатын адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;
Төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында шығарылған ұйғарымдар;
Іске қатысатын адамдар мен өкілдердің арыздары, өтінішхаттары мен түсініктемелері;
Куәлардың ауызша айғақтары, сарапшылар мен мамандардың түсіндірмелері;
Дәлелдемелер мен құжаттардың жария етілгені және зерттеудің, аудиожазбаларды тыңдаудың нәтижелері және бейнежазбаларды, киноматериалдарды қарау туралы мәліметтер;
Сот отырысы залында орын алған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;
Сот отырысындағы үзіліс туралы және іс кейінге қалдырылған кезде жаңа сот отырысының күні туралы мәліметтер;
Сот жарыссөздері мен репликалардың мазмұны;
Прокурордың қорытындысы;
Шешімнің жария етілгені және оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларының түсіндірілгені туралы, оны түпкілікті нысанда дайындау мерзімі, шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;
Хаттаманың түпкілікті нысанда жасалған күні көрсетіледі.

Хаттама жасау мерзімі.

Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күннен  кешіктірмей, ал жеке процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей  дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс.

Хаттамаға төрағалық етуші мен хатшы қол қояды.Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада ескерілуге және олардың қолы қойылып куәландырылуға тиіс.

Қысқаша хаттама.

Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде қысқаша  хаттама жасалады.

Қысқаша хаттамада:

Сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
Сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;
Істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;
Істін атауы;
Соттын стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио-бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;
Іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;
Сот отырысындағы үзіліс туралы және іс кейінге қалдырылған кезде жаңа сот отырысының күні туралы мәліметер Сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
Сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;
Істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;
Істін атауы;
Соттын стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио-бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;
Іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;
Шешімнің жария етілгені және оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларының түсіндірілгені туралы, оны түпкілікті нысанда дайындау мерзімі, шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;
Хаттаманың түпкілікті нысанда жасалған күні көрсетіледі.

 

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әкімшісінің бас маман — сот отырысының хатшысы: А.А. Есенова

Leave A Reply

Your email address will not be published.