Фото: Global Look Press
Қозғалыс өкілі 22 қазанда екі тұтқын әйелді босатуға дайын екендіктерін айтты. Ол бұған дейін кепілге алынған екі АҚШ азаматшасының да босытылғанын мәлімдеді.
ХАМАС өкілі Гази Хамад BBC-ге берген сұхбатында АҚШ азаматтарын тұтқыннан босатуда Катардың үлкен рөл атқарғанын айтты.
Израиль билігінің мәліметінше, ХАМАС-тың тұтқынында 203 адам отыр, олардың көпшілігі шетел азаматтары. Ал ХАМАС өкілі кепілге алынғандардың жалпы 200-250-ге жуық екенін айтты. Олардың біреуі Ресей азаматы екені атап өтілді.
https://stan.kz/hamas-kepilge-alnigan-tytkindardi-bosatpak-390021/